Жас жыршылар жүлдемен оралды

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен дəстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалінде қызылордалық жас жыршылар жүлделі болды.

Осы жылдың 7-9 қазан күндері өткізілген халықаралық фестивальге дүниежүзінің 9 елінен 15 өнерпаз қатысты. Олардың қатарында қызылордалық Шұғыла Мархаба мен Арай Оңғарқызы бар. Қос өнерпаз Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде тәлім алған.

Халықаралық фестивальде Шұғыла Мархаба үшінші орын алса, Арай Оңғарқызы арнайы дипломмен марапатталды. Оларды бұл шараға Зәуре Кәрібаева мен Дінислам Тоқсанбаев дайындап алып барды.

Қармақшы ауданындағы жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді.

Облыстық “Рухани жаңғыру” орталығы