«Бастау» жобасы бойынша тегін оқу курсы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылдың 05-07 қазанында «Бастау» жобасы бойынша тегін оқу курсының 5 легіне қабылдау үшін тестілеу өткізілетінін хабарлайды.

Жоба қала/аудан тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды, өз бизнесін ашқысы келетін жұмыссыздарды, сондай-ақ бизнесті кеңейтуге мүдделі, жұмыс істейтін кәсіпкерлерді (3 жылға дейінгі) оқуға шақырады.

Жобаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет, оның нәтижесі бойынша топқа іріктеу жүргізіледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400981,  сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен–жайлары:

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі,  9 «а» үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі, 47 «а» үй, тел.:8/72431/79199

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 134 «а» үй, тел.:8/72435/79120

Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81