Қызылордада ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Kyzylorda-news.kz. “Мұз айдыны” СК-де волейболдан ардагерлер арасында “Қорқыт баба” кубогына арналған халықаралық турнир аяқталды.

Биыл облыста алғашқы мəрте ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан елдерінен, Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларынан жəне Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 7 команда, 55 жастан жоғары 100-ге жуық ардагер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

Жарыстың салтанатты ашылуына облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының қызметін атқарған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев қатысып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов турнирдің құрметті қонағы болды.

Турнир нəтижесінде Алматы қаласының “КАЗНАУ” командасы І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Шымкент қаласы, үшінші орынды Қызылорда облысының командалары иеленді. ІV орынды Байқоңыр қаласының командасы еншіледі.

Жеңімпаз жəне жүлдегер командалар диплом, медаль, кубок жəне естелік сыйлықтармен марапатталды.